$ 448.15  483.46  4.86

Айқын Төлепберген Барселонада қиын жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Эстрада әнші Айқын Төлепберген қазір Испанияда қыдырып жүр. Бірақ Жұлдыз Өмірғалимен бе, әлде бірінші әйелімен бе, ол жағы белгісіз. Тек Барселона қаласында жүргенін айтқан ол жерлестерін ұры-қарыдан сақтануға былайша кеңес берді.

«Жылына 50-ден астам қазақстандықтарды тек Барселонаның ішінде ғана тонап кетеді екен. Ұрлық Европада шарықтап тұр. Сондықтан көшеге шыққанда паспорттар мен құшаттарды бөлмеде, сейфта қалдырыңыздар. Фотосы жеткілікті. Полиция ұрланған заттарды іздемейді де. Себебі шағымданушылар өте көп. Метро, автобус, көше, тіпті сауда орталықтарында да заттар ұрланып жатыр. Ұрылар сіздерді қастарыңызда аңдып жүреді. Әңгімемен алдап немесе үстіңізге су шашып қалтаңызды сыпырып кетуі мүмкін. Әдемі киінген қыз немесе жігіт те болуы мүмкін. Көлік терезелері күнде шағылуда. Сақ болыңыздар!», - деп әнші үйін сағынғанын айтты.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген «Кеш You» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалимен жұрттан тығылып отбасын құрып алды. Араларында 1 ұл бала бар. Бірінші отбасы жайлы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары