$ 445.66  474.58  4.78

Музыкалық аспаптардың дыбысын салған Нұрлан Еспанов жұртты әбден күлдірді (ВИДЕО)

Музыкалық аспаптардың дыбысын салған Нұрлан Еспанов жұртты күлкіге қарық қылды. Оның ұшақтағы әңгімесін Абай Бегей желідегі парақшасында бөлісті.

Видеода Еспанов өзбекстандық әнші Юлдуз Усманованы әбден мақтап, оның музыканттары ұстаған аспаптарының дыбысын салады. Және әлгі тойда Усмановадан кейін фонограммамен ән айтқан қазақстандық әншілерді жұрт менсінбей қалғанын айтты.

Желі қолданушылары Еспановтың әңгіме айту шеберлігіне қызығып, оның қылығына әбден күлді.

Ал Абай Бегей болса, әңгіменің арқасында ұзын жолдың қалай қысқарып қалғанын сезбей қалыпты.

«Бүгін ұшақта ұйқы болмады. Екі шешен екі жақтан. Қалай жеткенімізді байқамай қалдық», – дейді ол Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары