$ 494.87  520.65  4.91

"Бұрын бір-бірімізді жек көретін едік": Аружан Жазылбекова Санжар Мәди екеуінің ара-қатынасы туралы айтты

Белгілі актриса Аружан Жазылбекова өнердегі әріптесі Санжар Мәдиді туған күнімен құттықтап, екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты.

Кешегі сыныптас, бүгінде өнердегі әріптес болған екеуі алғашында бірін-бірі жақтырмаған екен.

"Бір-бірімізді алғашында қалай жек көргеніміз есіңде ме? Соны кім бастап еді. Ал 10 сыныпта оқығанда бізді «Ақжол»-да өнер көрсетуге жібергенде француз тілінің емтиханынан босатылғанымыз ше? Не деген бақыт еді. Сондай-ақ, бәріміздің Ыстық-Көлге барғандағы жағдай есіңде ме? Менің жеке куәлігім жоқ болған. Сонда сендердің бұл мәселені қалай шешкендерің маған сол күйі құпия болап қалды. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бүгін біз ересек адам болсақ та, әлі де бір-бірімізге жақын жандармыз. Осы уақыт бойы тек қана менің сыныптасым емес досым, әріптесім және бауырым болғаның үшін рахмет. Бақытты бол! Қазір саған қиын болып жүргенін білемін. Мен сенің жаныңдамын. Туған күніңмен!», - деп жазды Аружан Жазылбекова өз Instagram-парақшасына.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары