$ 442.05  474.14  4.74

Айжан Байзақова желі қолданушыларына өзінің әнін тарту етті (ВИДЕО)

Атышулы Айжан Байзақова ендігіде әншілікпен айналыса бастады. Ол өзінің Telegram-парақшасында әніне түсірген бейнебаянын желі қолданушыларына тарту етті.

Байзақова шоу-бизнесте жүрген әншінің бірімен дуэт айтқан. Алайда, оның кім екенін ашық көрсетпеді. Әзірге бейнебаян экранға шығып үлгермегендіктен, өзімен дуэт болған әншінің есімін құпия ұстап отырған сыңайлы.

Бұдан бұрын Айжан Байзақова көпшілікке ерсі және анайы қылықтарымен, балағат сөздерімен танылған болатын. Ол әлеуметтік желілерге өзінің жартылай жалаңаш суреттерін жарнамалап келді.

Желі қолданушылары өзін әнші ретінде сынап көрмек болған Байзақованың әніне қызығушылықтарын танытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары