$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаға құнықпа»: Танымал журналист басы дауға қалған Салтанат Бақаеваның өтірігін шығарды (ВИДЕО)

Күні кеше ғана Назерке Семей есімді ақын Салтанат Бақаеваның өзіне тиісті қаламақысын бермегенін айтып, елді біраз шулатқан еді. Әнші ол уақытта қалтасында қаражаты болмағанын, бірақ композиторға келісілген соманы бергенін жазған. Енді оның бұл өтірігін журналист Бибігүл Дәулетбек әшкерелеп отыр. Ол Ерхан Алданазаровтың «маған да қаламақы бермеді» деген сөзін жариялады.

«Ау, Салтанат! Этика қайда?! Сенің өтірігің баттиып шығуда.

Біріншіден, «Мен композитор Ерханға «Әгугәйдің» қаламақысын төледім» депсің. Ал, Ерхан інішек: «Маған ешкім қаламақы берген жоқ» дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер.

Екіншіден, «Әдемі-ай» әнін жазар кезде ақшам болмады» депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, instagram-дағы парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы «Әгугәй» әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма?

Түс жерге айналайын, түсе ғой... Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас боп құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме», - деп жазды Дәулетбек өзінің желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары