$ 447.4  477.55  4.76

Ләйлә Сұлтанқызы келесі жылы сәбилі болуды жоспарлап жүргенін айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы келесі жылы сәбилі болуды жоспарлап жүр. 40-тан асқан шағында ол бала сүйіп, тағы да ана атанғысы келетінін айтты.

Айтуынша, өзімен қатарлас құрбысы жақында босанған екен.

«Жалпы 40-тан кейін босану қауіпті, не болмаса қиын, тым жауапты дегендерге екі құрбым «пішту» деді. Курстасым Юлия 18 жылдан кейін Ален батырды дүниеге әкеліп, ана бақытын сезінуде. Неткен бақыт. Ал, қыздар, бәріміз «пішту» дейтіндер қатарына қосылайық, мен Құдай қаласа, келесі жылы деп отырмын», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, осыған дейін тележүргізуші қызды болуды армандайтынын жеткізген еді. Қазір Ләйлә екі ұл тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары