$ 494.87  520.65  4.91

«Мені актриса ретінде мүлде танымаған»: Айнұр Ілиясова күйеуімен қалай танысқаны жайында айтты

Белгілі актриса Айнұр Ілиясова әлеуметтік желідегі өз оқырмандары мен көрермендеріне күйеуімен қалай танысқаны жөнінде айтып берді.

«Сіздерге күйеуіммен қалай танысқанымды айтайын. Бұл 4 жыл бұрын болған. Мен facebook желісінде өте белсенді едім. Ол маған достық жолдады. Айтпақшы, ол мені актриса ретінде мүлде танымаған. Мұнан кейін ол менің кезекті жазбама пікір қалдырды. Артынша жекеме жазды. Біз ұзақ сөйлескеннен кейін кездесуді ұйғардық. Ол маған өте қызықты адам болып көрінді. Сөйтіп араласа бастадық. Осылайша мен қармаққа түсіп қалдым», – деп жазды актриса өз Instagam-парақшасында.

Айта кетсек, Айнұр Ілиясова 2016 жылы Дәулет есімді азаматқа тұрмысқа шықты. Қазір ерлі-зайыптылардың бір қызы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары