$ 449.58  486.94  4.86

«Өмірімде түрлі жағдай болып жатыр…»: Өз жағдайын айтқан Айсәуле Бақытбек көпшілікті алаңдатып қойды

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле соңғы уақытта өз жағдайын айтып, жұртты алаңдатып жүр. Бұл жолы да ол Instagram-парақшасына өмірінде неше түрлі жағдайлар болып жатқанын жазды.

«Желідегі парақшама жеке өмірім туралы аз жаза бастағанымды байқаған шығарсыздар. Шынымды айтсам, өмірімде түрлі жағдай болып жатыр. Осының бәрі дұрыс па деп ойлай бастадым. Бар даусыңмен шыңғырғың келгенде үндемей қалу қаншалықты дұрыс? Біреуден қолдау іздегенде өзіңді түсініксіз ұстаудан қорқу керек пе? Көпшіліктің сөгісінен қорқып, басқа кейіп танытып жүрген дұрыс па Егер өмірімнің кішігірім бөлшегімен бөлісер болсам, парақшам өте қызықты бола түседі. Бірақ көп адам түңіліп қалатын еді?»  – деп жазды Айсәуле.

Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек мұның алдында тамыз айында тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Тіптен Баян Алагөзова да қызының тойына шақыратын қонақтардың тізімін жасаған. Алайда, тамыз айының орта шеніне келгенімен Айсәуле Бақытбек әзірге үнсіз жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары