$ 444.14  477.05  4.85

Самал Еслямова «Батырлар жолы» телехикаясына түсіп жатыр (ВИДЕО)

Актриса Самал Еслямова отандық «Батырлар жолы» тарихи сериалына түсіп жатыр. Ол режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде сомдаған басты рөлі үшін Канн кинофестивалінің жеңімпазы атанған болатын.

Самал телехикаяға қалай келгенін айтып, түсірілім барысында алған әсерімен бөлісті.

«Өткен жылы осындай жоба басталғанын естіп, суреттерімді жібердім. Өйткені Ресейде жүргендіктен қазақ киносына түсу менің арманым болатын. Режиссермен жұмыс істеу ұнады. Ол нақты тапсырма беріп отырады. Яғни, мұндайда актерлерге жұмыс істеу ыңғайлы. Бұл тарихи фильм көрермендерге қызық болады деп ойлаймын. Себебі бұл – өзіміздің туындымыз, қазақтың картинасы», – дейді Самал Еслямова Instagram-парақшасында.

Әзірге телехикаяның экранға қай уақытта жол  тартатыны белгісіз.

Асқар Ұзабаевтың «Батырлар жолы» тарихи телехикаясында XVII ғасырдың тарихи оқиғалары баяндалады. Жаугершілік оқиғалар жайында сыр шертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары