$ 494.87  520.65  4.91

«Отау құрғанына 25 жыл»: Димаш Құдайберген әкесінің анасына арнаған әнін жарыққа шығармақ

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы мен әкесінің отау құрғанына 25 жыл! Осыған орай әнші «Сағындым» әнін жарыққа шығармақ.

Айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын бұл әнді әкесі анасына арнап жазған екен.

«Осы айдың 20-жұлдызында «Сағындым» деп аталатын әнді сіздерге тарту етпекпіз! Бұл әнді осыдан 20 жыл бұрын әкем анама арнап шығарған болатын. Ата-анамның отау құрғанының 25 жылдығына орай шыққалы жатқан туындымызды қабыл алыңыздар!», – деп жазды Димаш өз Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген ата-әжесінің тәрбиесінде өскен бала. Ол басылымдарға берген әр сұхбатында өз туған анасы мен әкесіне аға-әпкесіндей қарайтынын айтып отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары