Белгілі әнші Айқын Төлепберген сырқаттанып қалды. Бірақ ауырып қалса да, Астанадағы қатысқалы жатқан концертте жанды дауыста ән айтатынын мәлімдеді.
«Мұрын бітеліп, тамақ ісіп, температура көтеріліп Астанаға ұштық. Енді бүгін қалай ән айтамын? «Фонограмма қоя сал» дейтіндерге айтарым: Менің концертімде болған адамдар біледі, дауысым шықпай тұрса да, мен әрқашан өз ісімді адал және айқын атқарғанмын. Тек жанды дауыс», – деп жазды Айқын Instagram-парақшасына.
Желі қолданушылары оның ауырып қалғанына алаңдаушылықтарын білдіріп, тез жазылып кетуін тіледі.