$ 494.87  520.65  4.91

«Денис Тенсіз 30 күн»: Санжар Мәди спортшының өліміне қатысты мәліметтер жақында жарияланатынын айтты

Белгілі актер Санжар Мәди Денис Теннің өліміне қатысты мәліметтер жақында жарияланатынын айтты.

«Денис Тенсіз 30 күн. Тергеушімен жолықтым. Жақында тексеру жұмыстарының нәтижесін жариялайды деп ойлаймын. Күдіктілерден толықтай жауап алынып, куәгерлердің барлығы табылды. Олардан да жауап алынды. Полицияға хабар бермегендері үшін куәгерлерді түрмеге отырғызған жоқ. Ал сол уақытта алаңда жаттығу жасап жүрген спортшы тығылып қалған және әлі жауап беруге келмеді. Оған айтарым: Азамат деген атқа лайық емес екенсің, онда жақсы спортшы болуыңа тіектеспін», – деп жазды Санжар Мәди Instagram-парақшасына.

Айта кетсек, 19 шілде күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматының қақ ортасында ұрылар пышақтап кеткен. Спортшы көп қан жоғалтып, ауруханада қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары