$ 446.49  475.38  4.79

«Түнгі студия» бағдарламасын Аша Матайдың тізгіндейтіні рас па?

Қазақстан Ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасындағы жанама жүргізушіліктің тізгінін әнші, әрі тележүргізуші Аша Матай алғаны рас па? Осындай сұрақпен көрермендерді телебағдарламаның негізгі жүргізушісі Қайрат Әділгерей ойландырып қойды.

Ол желідегі парақшасына ағылшынша «Жаңа маусым» деп жазып, Аша Матайдың студияда отырған суретін жүктеген.

Бұған дейін бағдарламада жүргізушілік қызметті атқарған белгілі блогер Эльвира Ерғалина өзінің кететінін айтқан болатын. Сондай-ақ, оны басшылық еш себепсіз жұмыстан шығарып жіберген.

Бұл ретте желі қолданушылары Эьвираның орнына Аша Матай келеді деп болжап қойды. Алайда, жанама жүргізушіліктің тізгінін расымен Аша алды ма, әзірге белгісіз.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары