$ 443.37  474.49  4.83

Димаш Құдайбергеновтың есімімен шай шықты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің есімімен шай шығарыла бастады. Қораптың сыртында әншінің суреті бейнеленген.

Алматыда өткен шайдың тұсаукесеріне барған өнер жұлдыздары бұл ақпаратты өздерінің желідегі парақшаларында бөлісіп, әншіге құтты болсын айтуда. Олардың ішінде әншінің ата-анасынан бастап, Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздары бар.

«Димаш, досым, шақыруыңа үлкен рахмет! Бастап жатқан ісіңе сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де аман бол!», – деп жазды Instagram-парақшасына Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз.

Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдың «Singer-2017» ән байқауына қатысып, 2-орынға ие болған. Отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақыт ішінде сол елде танымал әншіге айналды.

     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары