Көпшіліктен жасырын түрде үйленіп алған әнші Айқын Төлепберген мен «KeshYou» тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали енді ешкімнен жасырынбайды. Екеуі ерлі-зайыпты екендерін ашық түрде білдіре бастаған.
Жұлдыз тойда Айқынмен билеген вальсінің видеосын желідегі парақшасына салып, астына «Жүрегім менің» деген жазба қалдырды. Мұның алдында ғана екеуі де бір жасқа толған ұлдарының суретін желіге жариялаған болатын.
Бұл ретте желі қолданушыларының бір бөлігі екеуіне бақыт тілеп жатса, енді бірі Айқын мен Жұлдыздың үйленіп алғандарына сене алмауда. Яғни, көпшілігі Айқынның бірінші әйелін іздей бастаған.