$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттің әкімі Назима Жәнібековаға велосипед пен Iphone сыйлады

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Black Star лейблінің әртісі Назима Жәнібековамен кездесті. Әкім әншіге қазақ музыкасына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлайды.

Әкім Назима Жәнібекованың музыкаға қосқан үлесін ескеріп, қаланың атын тек ТМД-ға мүше мемлекеттерде ғана емес, бүкіл әлемде танытып жүргеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов әншіге велосипед пен Iphone сыйлап, шығармашылық табыс тіледі.

Назима Жәнібекова оның шығармашылығы қала беделіне тек пайда алып келеді деп үміттенеді.

Естеріңізге сала кетейік, Наzима Шымкент қаласында туып өскен. Бірнеше жылдар бойы Altyn Girls деп аталатын топта ән салған.

2018 жылы ол ресейлік «Песни» жобасына қатысып, оның финалына жетті. Тимати оны басқа әншілерден жоғары бағалады.  Жобаның соңында телевизиялық шоуда өзін 100 пайызға көрсете білген Назиманы өз қол астына алды.

 Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары