$ 494.87  520.65  4.91

«Аузы қисық болса да, байдың баласы...»: Дана Нұржігіт Қайраттың келіншегін сынағандарға жауап берді

Белгілі тележүргізуші актриса Қайрат Нұртастың келіншегін сынағандарға жауап берді. Айтуынша, Жұлдыз Әбдікәрімова «жұлдыз» болуға лайықты адам. Сол себептен ол бір жарым сағат тікелей эфирде болатын бағдарламаға жүргізуші ретінде шақырылған.

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні енді Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Шаңырақ» бағдарламасын жүргізбек. 

«Таныстырғаным сол-ақ екен, «ауызы қисық болса да,ақшамен кірген,енді жетпегені осы еді...» деген сияқты таяз пікірлер жазыла бастады. Жұлдыз менің жақыным емес, оны әнші Қайрат Нұртастың жұбайы,енесі Гүлзира xанымның келіні деп қана білетін едім. Осыдан біраз уақыт бұрын Жұлдыз басты кейіпкерді сомдаған «Когда ангелы спят» фильміндегі жұмысын көрдім. Көрдім де қайран қалдым! Өте жақсы актриса екен ғой! (жолдасы Қайрат та сол киноның басты кейіпкері еді, бірақ оның актерлық қабілеті төмендеу, мойындау керек) Мынандай талантты тұншықтырып, отырған не деген сабырлы келіншек деп. Есесіне 4 баланы дүниеге әкеліп, жолдасының сенімді тылы, окоптағы сарбазы болды. Ата-енесінің қолын ұзартып, немере сыйлаған келін болды. Сұлулығы өз алдына, ақыл бар деген сөз! Бәріне көнді. Бойында бар қабілетті біле тұра бәрін ысырып қойып, ана, келін, жар болуды таңдады. Енді сол гүлдің ашылар сәті келген шығар, сірә?! Жұлдыздың өмір көргені өз алдына, бірінші кезекте жарын «жұлдыз» етіп, енді өз есіміне сай «жұлдыз» болуға лайық адам деп ойлаймын», – деп жазды Дана Нұржігіт өз Instagram-парақшасына.

Сондай-ақ, Дана ханым Жұлдызға үлкен сенім артатынын және оған ақ жол тілейтінін жеткізді.

Еске салсақ, тележүргізушілікке бет бұрған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сынға қалған болатын. Желі қолданушылардың бірі оған сәттілік тілесе, енді бірі продюсер енесі мен әнші күйеуінің арқасында танымал болып кетті деп жазған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары