Көліктен түсіп билейтін заманауи челенжге эстрада әншісі Мейрамбек Беспаев пен әзілкеш Қанат Әлжапбаров та қатысты. Видеоны Әлжапбаров өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.
Кадрда олар челендждің танымал трегін қосып, қолдарымен жүрек көрсетіп, билеуге тырысты. Ал желі қолданушылары әдеттегідей жағымды-жағымсыз пікір қалдырып жатыр.
«Қарындары шығып, ерсі көрінеді екен», «Несі бар, билей берсін», «Өлдім күлкіден», «Байқаңдар, айыппұл салады», – деп жазды олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін тәртіп сақшылары челендждің дәл осы түрін түсіру – «жол ережесі туралы заңға» қайшы келетінін айтып, белгілі мөлшерде айыппұл төлейтінін ескерткен еді.