Белгілі әнші Төреғали Төреәлі өзінің мектепте нашар оқығанын білдіріп қойды. Ол тележүргізуші, актриса Анар Батырханның көбейту кестесі бойынша қойған сұрағына жауап бере алмай қалған. Осынау сәттегі видеоны әнші өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.
Тележүргізуші оған тек математика пәні ғана емес, географиялық және мектеп кезінде оқыған шығармалардың авторларын сұрады. «9 х 8» деген көбейту кестесінің жауабын айта алмаған Төреғалидан ол «Му Му» шығармасын кім жазғанын және жер бетінде қанша мұхит барын деген сұрақтар қойған.
Алайда, бұл сұрақтарға да жауап таба алмаған әнші «Жер бетінде 8 мұхит бар» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Бұл Төреғалидың қалжыңы ма, әлде білімінің таяздығы ма? Белгісіз.
Бұл ретте желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің экран алдындағы қимыл-қозғалысына, сөйлеген сөздеріне қарап, оны спирттік ішімдікке тойып алған деп болжады. Ал кейбіреуі болса, әншінің білімсіз екенін жазып, жағаларын ұстаған.