$ 481.84  531.33  5.07

Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатып жүр (ВИДЕО)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова тойларда қыз ұзатып жүр. Кеше ғана Түркістан қаласындағы тойға қатысып, бойжеткенді ұясына ұшырды. Осынау сәттегі видеосын Instagram-парақшасына жүктеген.

«Қызымызға сіздің жолыңызды берсін деген ниеттеріңіз үшін, көп раxмет! Алла басына бақ берсін Кенже қызымыздың!», – деген жазба қалдырды Гүлзира Айдарбекова видеоның астына.

Айтуынша, туысы өтініп қоймаған соң ғана қызын ұзатып беруге келісіпті.

Өз кезегінде желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың тойда сыңсу әнін айтып, қыз ұзатуын талқыға салды. Бірі жаңа «бизнесті» қолға алуына құтты болсын десе, енді бірі продюсерлікпен айналысып жүре бергені дұрыс еді деп жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары