Танымал әнші Алтынай Жорабаева атышулы «91» тобының әнін орындаймын деп сынға қалды. Ол еліміздегі жастар тыңдайтын топтардың әнін қосылып орындаған видеосын Instagram-парақшасына жүктеген еді.
«4 балалы салиқалы әйелдің де сәл босаңсып, еркелейтін кезі болады ғой. Менің қыздарыммен қатарлас жастардың сұранысына ие, өте талантты топ – Ninety One. Қыздарыммен бірге тыңдап, билейміз», – деп жазды Алтынай.
Алайда, әншінің көңіл көтергені желі қолданушыларының көпшілігіне ұнамай қалды. Олар Алтынайдың жастардың әнін тыңдағанын сынға алып, оның 4 қыздың анасы және салиқалы әйел екенін есіне салған.