Жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, желіні біраз шулатқан. Тойдан кейінгі қызықты айта отырып, ол Есен Елеукенге деген ренішін білдірді.
«Болат Мажағұлов мырза: «Мереке, Құдай қаласа барамыз» деп жазып жіберіпті. Бізбен салыстырғанда жан-жақты, ол кісінің мүлдем қолы бос емес. Ал бірақ Есен ағаның қолына бердім. Есен ағаны әкеміздей көрдік. Немесе телефонмен хабарласып, құттықтауға болар еді», – деп Мереке «Астана» арнасының «Той жыры» бағдарламасында сөзін ары жалғай алмай, жылап жіберді.
Айта кетейік, «Тек қана қыздар» командасының капитаны Мереке Бауыржанқызы былтыр мамыр айында өзінен 6 жас кіші Арсенмен отбасын құрған еді.