$ 494.87  520.65  4.91

Илья Ильин: «Көп іштім, өлгім келді»

Үлкен спортқа қайта оралған даңқты ауыратлет Илья Ильин Sports True бағдарламасында өміріндегі жағдайлар және Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы  туралы айтты деп жазады  Vesti.kz.

«Президентіміз менің жеңіске жеткенімді біледі деп ойлаймын. Ол кісіге өзім хабарласуға еш мүмкіндігім болмады. Біз жиі жолығып тұрамыз. Ол кісі менің рухани әкем.  Өмірімде келеңсіз жағдайлар туғанда ол кісі үнемі қолдау білдіріп отырады. Сен мен үшін чемпионсың деп айтқаны бар. Маған бұдан артық сөз жоқ», – дейді Илья Ильин.

Спортшы допинг дауынан кейін өмірмен қоштасқысы келген. Айтуынша, алкогольдік ішімдік  ішіп, өз-өзін жоғалтып ала жаздаған екен.

«Менің спирттік ішімдік көп ішіп кеткен кездерім болды. Бұл маған өмір сүруіме кедергі болды. Ата-анама да бұл іс-әрекетім ұнамады. Менің медальдарымды алады деген жаңалықты естігенде, өлгім келді. Үш күн қатрынан жатып іштім. Кейін Израиьге кетіп қалдым. Сол жақта ғана өз-өзіме келдім», – дейді спортшы.  

Сондай-ақ, Илья Ильин допинг дауына қатысты әзірге ештеңе айтал алмайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары