Мәдениет & Шоубиз 12.09.2018 сағат 09:58

Тамара Асар: «Қып-қызыл юбканың астында аяқтан қан сорғалап тұрса да, ән айттым»

Тамара Асар кезінде жол апатына ұшырап, 1 аяғынан айрылғанын бұқаралық ақпарат құралдарында берген сұқбаттарында бірнеше рет айтқан еді. Десе де басқалары қорықпасын деп, қол созым жерге ұшып кеткен екінші аяғын көйлегінің астына тығып қойған батырлығын бірі білсе, бірі білмейді. Әнші «мүгедек боп қалдым» деп жатып алмай, өмірге деген позитивті көзқарасын бүгінге дейін өзгертпеген. Емі бітпесе де, сахнада асыр сап жүрген.

Тамара Асар: «Қып-қызыл юбканың астында аяқтан қан сорғалап тұрса да, ән айттым»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақта жыламаған балаға емшек жоқ» деген сөз бар ғой. Мен өзім іштей «тәкәппар» шығармын. Жағдайымды айтып, жылап не сұрап көрмеппін. Аяғымды қайта басып, саxнаға шыққан кезде 22 жаста едім. Қып-қызыл юбканың астына ісіктен жуандаған жаралы аяқтан қан сорғалап тұрса да, ән айтып, жымиып төмен қарап тұрған кезімді ешқашан ұмытпаушы едім. Жақында аяғым қайта қатты ауырып саxнаға мені Ғаділбек сүйеп шыққанда сол баяғы сәтті жақсылап еске түсірдім. Көздің көрінбейтін жасымен жотадан ауырғанды жеңуге жанталасқан жанның тері сорғалады. Саxнаның шеті мен ортасының арасы 5-ақ метр жер маған 5 шақырымдай алыс болды», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Желі қолданушылары Тамара Асардың батыр да батылдыл болмысына бас иіп, зор денсаулық тілесіп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар