$ 494.87  520.65  4.91

«Ұялдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа қызметі жайында айтты

Әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа қызметі жайында айтып, көпшілікті өзін сынамауға шақырды. Өзі тізгіндеген «Шаңырақ» бағдарламасының экранға шыққанына үш күн болған еді.

«Шыны керек, парақшама салуға жүрексіндім, ұялдым десе де болады. Себебі тікелей эфирдің тізгінін ұстап, аяғына дейін алып шығу оңай болған жоқ (бастан аяқ қобалжу сезім үстінде болдым). Оның үстіне телевизия саласына алғаш қадам бастап, бірден 80 минуттық тікелей эфирдегі бағдарламаға кірісіп кету үлкен жауапкершілік. Орынды да орынсыз пікірлерді естіп те, оқып та жатырмын. Дегенмен, барлық айтылып жатқан ой-пікірлерді ескеріп, алдағы уақытта «Шаңырақтың» белсенді көрермендерінің үмітін ақтаймын деген сенімдемін. Ешкім тәжірибелі маман болып тумайды. Көш жүріп үйренеді емес пе?!», – деп жазды Жұлдыз желідегі парақшасына.

Сондай-ақ, актриса өз ісінің мамандарымен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ары қарай әруақытта қолдау білідіріп отыратын енесі Гүлзира Айдарбекова мен жары Қайрат Нұртасқа алғысын жаудырды.

Бұл ретте желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімованың сөзімен келісіп, оның болашақта тәжірибелі тележүргізушіге айналатынына шүбә келтірмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары