Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Гәкку даусы» фестивалінде жапон аниме стилиндегі образымен ерекше көзге түсті. Кештегі суретін ол Instagram-парақшасында бөлісті.
Алматыда өткен шараға Алагөзова құрбысы танымал дизайнер Аида Кауменованың тіккен киімін киіп шыққан.
«Қызыл кілемді спорттық аяқ киіммен жүріп шығамыз деп ойлау үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті. Құрбым Аида Кауменова екеуміз жапон стиліндегі киманоны өзгертіп, осындай дүние жасап шығардық», - дейді Алагөзова желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Алагөзованың жаңа стилін мақтап, өзіне құйып қойғандай деп пікір жазып жатыр.