$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық скрипкашының күйеуі қарт адамды ұрып тастады

Бейсенбі күні танымал қазақстандық скрипкашы Лананың күйеуі Facebook-тегі парақшасында ер адамды соққыға жыққаны туралы жазба жариялады деп жазады Sputniknews.kz. 

Оқиға Мәскеу аудандарының бірінде көпқабатты үйдің ауласында болған.

Саркисянның айтуынша, сол күні үйінде болған. Бір уақытта ұлының айқайлап, жылағанын естіген. Саркисян дәлізге жүгіріп шығып, бір жасар қызын құшақтап, ентігіп тұрған әйелін көреді. 

Сөйтсе, Константин мен Лананың алты жасар ұлы балалар алаңында ойнап жүрген қыздардың бірінің ойыншығын байқамай сындырып қойған екен. Қыздың атасы ашулана бастаған. Әртіс шығынын өтеп берейін деп, телефон нөмірін сұрайды. Ал қарт оған көнбей, аузына келгенін айтып, балағаттаған.  

Саркисян әйелінің айтқанын естіп болған соң, сыртқа шығады. Психолог балалар алаңына барып, ер адамнан орнынан тұруды өтінген, ал ол бас тартып, балағаттаған. 

«Екінші рет айтып, күштеп тұрғызбақ болғанымда, ол менің қолымнан ұрып жіберді. Содан мен бетінен үш мәрте соққы жасадым. Үш рет! 20 емес, 40 емес, үш соққыдан кейін оның тұратын шамасы болмады. Еш жерін сындырған жоқпын, тек қабағы жарылды. Менің әйелімді боқтап жатқанда үндемей, қарап тұрған әйелдер жүгіріп келіп, қартты неге ұрасың деп араша түспегенде жағдай басқаша болар ма еді»,– деп жазды Саркисян.

Психологтың айтуынша, әйелін ренжіткен адамның қартайып қалғаны шамалы, ол таяқ ұстаған ата емес, денесі мығым ер адам көрінеді.   

Төбелестің видеосы Instagram-да жарияланды.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары