$ 494.87  520.65  4.91

Омырауын ашып, қарнын сипаған Жұлдыз Өмірғали жұрттың қытығына тиді

Халық арасында «Айқынның тоқалы» деген атқа қалған КешYOU тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали желіге сурет жүктеп басы бәлеге қалды.

Әнші адам баласында 5 емес, 1 бармақ болатынынан хабарсыз-ау, суретінің астына «Аздап бешбармаққа екіқабат кезде» деп жазып қойыпты. Не де болса, Өмірғали өзінің жүкті емес екенін жеткізді.

Оны қойшы, желі қолданушылары оның сөзіне емес, өзіне тиісіп жатыр.

«Осыларда ұят деген бар ма өзі? Туысы жоқ па? Ағасы, әкесі жоқ па қой дейтін?», «Жұлдыз, осы сен неңе жетісіп күлесің? Біреудің тоқалы болғаныңа ма?», «Осыны да бала тәрбиелеп отыр деп кім айтады?», - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін ара қатынастарын жасырып жүрген Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепберген биыл ашықтан ашық бірге түскен суреттерін жариялай бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары