Қазақ өнері орны толмас қазаға ұшырады. Қазақ операсының майталманы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымкеш Әлжанқызы Жұмаділова дүниеден өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рымкеш Жұмаділова замана бұлбұлы Күләш Байсейітова туған топырақта, яғни Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты Қараменді ауылында 1957 жылы дүниеге келді.
Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Қазақстанның халық әртісі Бекен Жылысбаевтың шәкірті еді.