$ 494.87  520.65  4.91

«Енді иті мен мысығы ән айтады»: Қайрат Нұртасты сынағандарға анасы Айдарбекова жауап берді (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас алдымен 10 жыл елден сақтаған келіншегін 1 күн ішінде жұлдыз қылса, енді туған інісімен бірге ән жаздырып, өзімен бірге бауырын іссапарға ертіп жүр. Көпшілік, әсіресе, Заңғардың парақшасына негатив пікірлер жазып, оның талантына күманмен қарайтындарын ашық айтады. Бұндай сынға ұлдарының продюсері Гүлзира Айдарбекованың айтар өз жауабы бар.

«Ән айтуды қылмыс деп санамаймын. Көшеде арақ ішіп жатқан жоқ қой. «Енді қалғаны ит-мысықтары ән салады» деген пікірлерді де көрдім. Әу демейтін қазақ жоқ, сол себепті оның ән айтқанында ұят нәрсені көріп тұрғаным жоқ» , — деді Айдарбекова НТК арнасына берген сұхбатында.

Ал Заңғар Нұртас өзіне айтылған сындарған аса мән бермейтінін, алдағы уақытты талантты екенін дәлелдеуге сөз берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары