$ 449.58  486.94  4.86

Астанада Ескендір Хасанғалиевке операция жасалды

Қазақ эстрадасының ақсақалы Ескендір Хасанғалиевке Астанада операция жасалды. Бұл туралы әншінің өнердегі інісі Ерғали Әбдірайымов өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Өнер иесінің қазіргі жағдайы белгісіз.

«Қазақ эстрадасының ақсақалы Ескендір Хасанғалиев ағамызға Астана қаласында ота жасалып жатыр. Дұғада болайық, достар. Аман-есен сауығып, ортамызға оралсын», - деді Ерғали Әбдірайымов.

Желі қолданушылары Хасанғалиевтің жазылып кетуін тілеп жатыр.

Еске сала кетейік, күні кеше Қызылордада Төреғали Төреәліге де операция жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары