«Қазақтың Моцарты» атанып кеткен, композитор, пианист Рахат-Би Әбдісағын Ресейдің Клин қаласында концерт беріп, әйгілі Петр Чайковскийдің жеке роялінде ойнады деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Ол – мұндай құрметке ие болған тұңғыш қазақстандық музыкант. Әлемдік классиканың жауһарларын жоғары деңгейде орындаған дарын иесінің таланты көпшілікті тәнті етті.
Клин қаласына арнайы шақыртумен келген Рахат-Би Әбдісағынды Чайковский мұражайының басшылығы құшақ жая қарсы алды. Жерлесіміз алдымен әйгілі композитордың ескерткішіне гүл қойып, тағзым етті. Содан соң, өзі жазған бірқатар симфониялық портетурасын мұражайға тапсырды. Ал Ресей тарапы жерлесімізге дисклавир аспабын сыйға тартты.