24.09.2018, 05:08

«Өмір бір адаммен тоқтап қалмайды»: Айару Бақытбек алғаш рет жеке өмірі жайлы айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың кіші қызы Айару Бақытбек бірінші рет жеке өмірі жайлы айтты. Бүгінге дейін бір де бір жігітпен «жүрмегенін» мәлімдеген ол қыздарға өз кеңесін берді.

Айару әңгімесін киноға билет аларда кезек сақтамаған бейтаныс жігіттен бастады.

«Жанында сүйіктісі бар жігітке «Неге кезекке тұрмайсыз?» дедім. Ол ашуланып, «Асығып тұрмын ғой» деді. Есі дұрыс адам кешірім сұрап, өз кезегін күтер еді. Сосын жігіттердің 90 пайызы осындай. Сонда еркек болу соншалық қиын ба?

Жанындағы қыздың орнында болсам әлгі жігітпен сол жерде айрылысар едім. Сүйіктіңнің қателігіне көз жұма қарау - өзіңді сыйламау деп білемін. Өмір бір адаммен тоқтап қалмайды», - деген Айару осы күнге дейін бір де бір жігітпен жүрмегенін айтты.