$ 481.84  531.33  5.07

«Сахнаға жатты»: Төреғали Төреәлінің тағы басы дауға қалды

Павлодардағы оқиғадан кейін басы дауға қалған Төреғалидің басынан өткен жайсыз жайт жалғыз бұл емес. Әр аймақта өнер иесінің аяғынан шалғысы келіп тұратындар көбейген сыңайлы. Бұл жолы Ақтөбеге сапарлатып барған Төреш кімге өкпелі?

«Шаруам жоқ» деп әндеткен Төреғалидің ешкімде шаруасы жоқ. Бірақ ән кеші жиі шуға ұласады. Ұлы дала баласы халықпен қауышқан ән кештерінде келеңсіз оқиғаға жиі тап болады екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде де болған.

«Ақтөбенің сахнасы биік. Апа келді де, суретке түсе қояйын деді. Былай отырсам келмейді. Отырсам басым бұтымның арасына кіріп жатыр. Болмаған соң жантайып жаттым. Сөйтіп апаны құшақтап, сахнаға жаттым. Төреғали Ақтөбеге келіп, сахнаға жатты дегенді шығарған ғой. Ал апа қайда қалды, суретке түсу қайда қалды сонда?» – деп ашынды хитмен НТК арнасына берген сұхбатында.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары