$ 448.15  483.46  4.86

«Балаң мылқау болады» деді: Кенжебек Жанәбілов тілі кеш шыққан ұлымен мақтанды (ВИДЕО)

«МузАрт» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов енді ғана тілі шыға бастаған ұлының видеосын жариялап, қуанышымен бөлісті.

«Осыдан біраз жыл бұрын ем алып жүргенде, досым үйіне қонаққа шақырып, сол жерде көріпкел сымақ үлкен кісі аңдамай сөйлеп, «сенің балаң мылқау болады, босқа сандалма» деп айтып менің жүрегіме ауыртпалық салып еді! Аллаға шүкір баламыз бүгінде осындай нәтиже көрсетуде! Адам емес, Алла білуші! Ешқашан еш нәрседен үміт үзбеңіздер!», – деп жазды Instagram-парақшасына.

Жанәбіловтің тыңдармандары баласының әлі-ақ сайрап кететінін айтып, ұлына денсаулық тілесті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары