$ 444.14  477.05  4.85

Медеу Арынбаев өмірден өткен жарына арнап бейнеклип түсірді (ВИДЕО)

Медеу Арынбаев бақилық болған жарына арнап бейнеклип түсірді. Бұл туралы әнші НТК арансынан шығатын «Ревю» бағдарламасында айтты.

Ән «Ғашықтар биі» деп аталады. Жұбайына арнаған бейнеклиптегі басты кейіпкер - музыкант досының қалыңдығы екен.

«Қарасам келінім дәл келіп тұр осы клиптің бет бейнесіне. Жарасып тұрған екен. Бір қарасам өзімнің де бұрынғы сүйікті жұбайым Айгүлдің де образы келетін сияқты. Сондықтан болды табылды деп, мен қуана-қуана суретке қарасам, қасымызда жүрген келінім екен. Табылды дедім», - дейді Арынбаев.

Еске сала кетейік, Медеу Арынбаевтың жары Айгүл Арынбаева осыдан 8 жыл бұрын өмірден озды. Бүгінде әнші бір ұл мен бір қызын өзі тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары