$ 494.87  520.65  4.91

Әсел Асқар жартылай жалаңаш суреттерімен желіні шулатты (ФОТО)

Әлеуметтік желіде қара өлең оқып танылған Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар желіге ашық киіммен түскен суреттерін жүктеді. Оның бұл қылығын ұнатпағандар түрлі ауыр сөздер жазып жатыр.

«Сәл ашық киім киінсең «Ойбай ұят болады. Жұрт не ойлайды?» дейді. Түсінбеймін. Онда тұрған не бар? Адам баласының сұлулығы көрсету үшін жаралатылған. Мен де осы фотосессияны жасауға бірден келістім. Сіздер ұят дегенді қалай түсінесіздер», - деп жазды ол Instgram-парақшасына.

Үнемі Әселді ақын Мұқағидің қара өлеңдерімен танып қалған көпшілікке оның бұл образы түк те ұнай қойған жоқ.

«Ұят» туралы әңгіме айтпаңыз. Мына суретіңіз тым ұят!», «Қазақтың қызы деген атқа лайық бол, қарағым. Қай әжеңнен көрдің ашық киінгенін?», «Ұят» деген нәрсені түсіндірудің қажеті жоқ. Ол - тәрбие», - деп жазды олар.

Айта кетейік, Әсел Асқар бұған дейін сүйіктісімен ажырасып, ұзақ уақыт күйзелісте жүргенін айтқан еді. Қазір ол бірінші некесінен туған бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары