$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің жауhарлары»

Биыл 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашады.

Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері 25 жыл ішінде елдеріміз ынтымақтастықтың барлық бағыттарында елеулі табыстарға қол жеткізді және оны бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесінде екі ел халқының игілігі жолында одан әрі нығайтуды көздейді.

Өткен ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынас серпіні тараптардың Қазақстан-Польша ынтымақтастығын дәйекті түрде дамытуға ұмтылысын көрсетеді.

Жыл өткен сайын қос мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс  барлық бағыттарда және оң нәтижелермен дамып келеді.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының негізгі мақсаты шетелдік көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру болып табылады. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан б.з. дейінгі VII-ІІІ ғасырларға жататыналтын бұйымдар коллекциясы мен Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері толық киіммен таныстырылады.

Көрменің негізгі экспонаты – 1969 жылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан белгілі археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедиция тапқан «Алтын адам». Көсемнің костюмі мен бас киімінің барлық әшекейлері киімге тігілген ретімен өзгеріссіз сақталған. Барлық әшекейлер өнер туындысы және скифтік-сібірлік аң стильінің ескерткіштеріне жатады. Бүгінде «Алтын адам» бүкіл әлемге танымал және Қазақстан Республикасының символы болып саналады. Археологтар «Алтын адамның» жерлеу камерасыннан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған болып саналады. Сол сияқты көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады.

Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында ұйымдастырылып отырған«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесінде таныстырылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутынаТМД, Азия, Еуропа және Америка елдері кіреді. Жүзеге асыру мерзімі: 2018-2021 жылдар.

Сонымен қатар 2018 жылы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» Халықаралық көрме жобасы Корея Ұлттық музейінде (Сеул қ. Корея) өткізіледі.

2019 жылы аталмыш көрмені Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мемлекеттерінің музейлерінде өткізу жоспарланып отыр.

2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия музейлерінде өткізу жоспарланған.

10 қазан күні сағат 14:00-де ұйымдастырлып жатқан көрменің ашылу салтанатына ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Л.В. Кочетов, К. Акишев атындағы археология институтының директоры, т.ғ.к. Хабдулина Марал Қалымжанқызы, Гданьск қаласының мэрі Павел Адамович, Гданьск музейінің директоры Вальдемар Оссовски және БАҚ өкілдеріқатысады деп жоспарлануда.

 «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары