$ 498.34  519.72  4.85

Мәдина Садуақасова: «Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады»

Мәдина Садуақасова тұрмысқа шыққалы өзін «кәрі» деп сынағандарға ашулы. Тыңдармандары оның жас жігітті қаратып алғанын аздап қызғанатын сияқты. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.

«Жақында 39-ға келдім. Әрине жаспын, өмірімнің бәрі алда… Бірақ, бір байқағаным, Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап, адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады, тіпті бір сәтсіз ракурстағы суреттердің астында: «мінеки, келді-ау бұған да кәрілік» – дегенді оқыдым. Адам баласына 30-40, тіпті 50 де қарт болу өте ерте, қазір 60-тағы адамдардың өзі өзін қарттар қатарына қоспайды. Біз болсақ әлі отпыз ғой. Олжастың көзімен қарасаңыз вообще 18-демін», – дейді Садуақасова.

Айта кетейік, Мәдина Садуақасова 2014 жылы «Ел арна» телеарнасының қоюшы-режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде олар бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары