Мәдина Садуақасова тұрмысқа шыққалы өзін «кәрі» деп сынағандарға ашулы. Тыңдармандары оның жас жігітті қаратып алғанын аздап қызғанатын сияқты. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.
«Жақында 39-ға келдім. Әрине жаспын, өмірімнің бәрі алда… Бірақ, бір байқағаным, Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап, адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады, тіпті бір сәтсіз ракурстағы суреттердің астында: «мінеки, келді-ау бұған да кәрілік» – дегенді оқыдым. Адам баласына 30-40, тіпті 50 де қарт болу өте ерте, қазір 60-тағы адамдардың өзі өзін қарттар қатарына қоспайды. Біз болсақ әлі отпыз ғой. Олжастың көзімен қарасаңыз вообще 18-демін», – дейді Садуақасова.
Айта кетейік, Мәдина Садуақасова 2014 жылы «Ел арна» телеарнасының қоюшы-режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде олар бір ұл баланы тәрбиелеп отыр.