$ 498.34  519.72  4.85

«Сен келгелі ұмыттым қайғы-мұңды»: Айдарбекова келінін аузының суы құрып мақтады

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жақында ғана Qazaqstan телеарнасындағы «Шаңырақ» бағдарламасының тізгінін ұстаған келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы жер-көкке сыйғызбай мақтады.

«Ең әдемі келіншек» деген ат берер едім. Келісесіздер ме?» деп сөз бастаған продюсер желіге Қайрат Нұртастың келіншегіне арнап жаздырған «Періштем» әннің мәтінін жүктеді.

«Санай алмай мен жүрмін байлығымды, Қолыма әкеп қондырдың айды-күнді. Мың шүкірлік айтамын тәңіріме, Сен келгелі ұмыттым қайғы-мұңды. Аласұрған жүрекке ем шығарсын, Дариям-ау даламнан кең шығарсын. Әр адамда періште бар дейді ғой, Мендегі сол періште сен шығарсын. Нәзік жүрек сүйіктім қаршадайын, Келдің дағы орнаттың xан сарайын. Ғұмырымның қалғаны болса егер, Саған арнап өтейін шаршамайын», - деген өлең жолдарынан кейін келінінің шаңыраққа көктем орнатқанын және мақтаулардың бәріне лайық екенін айтты.

Айта кетейік, жақында ғана Гүлзира Айдарбекова ұлы Аянның келіншегі босанғанын айтып, немересінің атын Ақмөр деп қойғанын жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары