$ 447.4  477.55  4.76

Көкшетаулық әже Мейрамбек Беспаевқа 29 жыл бұрын әншінің суреті шыққан журналды көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстанның барлық аймағын аралап, концерттік турнеде жүрген «МузАрт» триосы күні кеше ғана Көкшетауда кеш өткізді. Шарада сахнаға шықан әжей 29 жыл бойы Мейрамбектің сұқбаты жарияланған журналды сақтағанын көрсетіп, әншімен суретке түсті.

«Әжеміздің 29 жыл сақтаған Мейрамбек мұқабасына шыққан «Қазақстан әйелдері» журналы. Пейіліңнен айналайын, ақ әжем», – деп жазған Майғазиев Instagram-парақшасына.

Желі қолданушылары әжейге ризашылықтарын білдіріп, әншіге шығармашылық табыс тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары