Танымал продюсер Баян Алагөзованың жаңа стилін көпшілік жақтыра қоймады. Жұрт оны жасына сай киінбейді деп сөгіп жатыр.
Продюсер соңғы күндері фотосессияға дайындығын, көз жауын алар гардеробын көрсетіп әлек. Түрлі стилдегі фотоларын желіге жүктеген Алагөзова көптен мақтау күткенімен даттау естіп қалды.
«Үсті ашық, аяғында қызыл етік. Не қылған стиль бұл. Жас емессіз ғой, Баян. Түк те жараспайды», «Баян Мақсатқызы, сізге джинсы жараспайды», «Сізді жақсы көремін. Мән бермеңіз жағымсыз пікірлерге», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, осыдан 2 жарым жыл бұрын Баян Алагөзова күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген. Қазір Есентаев жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр.