Жезқазған тарихи-археологиялық музейі 24 экспонатпен толықты. Қорға келген жәдігерлердің барлығын музей басшылығы аманатпен қабылдап, келуші қонақтарға дайындап қойды.
Экспонаттар тізімі:
Сәтбаев қаласының тұрғыны, Батыр ана «Алтын алқа» иегері Ж.Сембетова өз қолынан шыққан сырмақты және ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан диірменін, жеке құжаттары мен фотосуреттерін;
«Жезтағылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Бөлен саяси қуғын-сүргін құрбандары, Степлаг лагерінің тұтқындарының жазған хаттарын;
Жезді кентінің тұрғыны Қ.Әбдікәрімова кестеленген орамалдар мен ілгемен тоқылған бас киімді, аяқпен жіп иіретін ұршықты;
Жезқазған қалалық Халық банкі филиалының директоры С.Әбенов тұңғыш ғарышкер әйел В.Терешковаға берілген «Ғарыштың 50 жылдығына» естелік белгісін, № 103 куәлігін, ғарышкерлердің қолтаңбасы қойылған конвертті, ғарыш тақырыбына арналған фотосуреттерді;
Музейдің қалпына-келтірушісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, зергер Е.Исатаев көне тиындардан жасаған шолпыны;
Жезқазған қаласының тұрғыны А.Шубаева анасы Отызбаева Күлайдың 1970 жылы гобелен стилінде, түрлі-түсті жіппен, қой жүнінен тоқылған төсенішті;
Түйемойнақ елді мекенінің тұрғыны М.Жақыпбеков атасы Жақыпбек Жылыбайұлы мен әжесі Бал Мезілбайқызынан қалған ағаштан жасалған табақ, піспек, шойыннан жасалған шоқ өтекті;
Ж.Бекмағанбетова Петропавл қаласының «Комсомолка» тігін фабрикасының өнімі баланың пальтосы мен баскиімін;
Теректі ауылының тұрғыны Е.Шамбулов 1973 жылы пайдаланған әкесінің жазба машинкасын, радиосын;
Жезді қалашығының тұрғыны Қ.Мизамбаева орыс халқының сувенирлерін, қолөнер туындысын, чеканканы және қалта сағатын;
«Жезқазған маржандары» хор ұжымы дипломдарын, Алғыс хаттарын, фотосуреттерін;
Жезді қалашығының тұрғыны Н.Костенко кестеленген орыс халқының қолөнер туындысы мен тоқылған салфеткаларды;
Сәтбаев қаласының тұрғыны Б.Тобашев әкесі – Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалінің иегері Тобашев Ашықбайдың құжаттары мен саптама етігін;
Жезқазған қаласының тұрғыны О.Айтенова атасы – Ұлы Отан соғысының ардагері Айтенов Әуездің жеке құжаттары мен әмиянын, әжесі –тыл ардагері Смаилова Базының жеке құжаттары мен ұршығын;
Жезқазған қаласының тұрғыны О.Еркимбекова 1965 жылғы сиясауыт пен 1981 жылы пайдаланған шыны ыдыстарды; Жезқазған қаласының тұрғыны Қ.Демесінов 1946 жылы еңбекте пайдаланған күрек пен қалақты;
Жезқазған қаласының тұрғыны Х.Жуйкова суретші-өңдеуші Ширина Тамараның қолөнер туындылары: «Таңғы букет» барьелефін, майлы бояумен ағашқа салынған суреттерін;
Өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменов әкесі Мұхамбедияның жеке кітапхана қорында сақталған, XIX ғасырда жарық көрген «Шахнама» кітабын;
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің басшысы Б.Қожахметов – «Келі-келісабын»;
Жезқазған қаласының тұрғыны Әбілдаев Абзал әжесі Ауелова Тоханның «Медаль материнства» төс белгісі және куәлігін, құжаттарын;
Жезқазған қаласының тұрғыны Шпеник Андрей Альбертович тасқа айналған ағашын;
Музейдің экспозиция бөлімінің ғылыми қызметкері С.Уткелова гипстен құйылған Мүйізтұмсықтың алдыңғы аяқ басының көшірмесін және тасқа таңбаланған тасбақа мен кесіртке бейнесін;
Мәдениет және тілдерді бөлімінің басшысы С.Нұрлыбаева Ресей Федерациясы космонавтикасының дипломын; өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменов әкесі Мұхамбедияның жеке кітапхана қорында сақталған, XIX ғасырда жарық көрген «Шахнама» кітабын;
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің басшысы Б.Қожахметов – «Келі-келісабын»;
Археолог, ғалым, А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері А.Ермолаева Қ.Сәтбаевтың өзінің қолтаңбасы бар жазба конвертін және «Гранат» минералды табыс етті.