Айқын Төлепберген әкелік парызына күмән келтіргендерге жауап берді. Әнші балаларына әрқашан қомқор боп жүргенін айтады.
«Мені жаман әке деп жүр. Бірақ шүкір, балаларым жанымда. Ешкімнен кем не артық емеспін. Мен де әкелік парызымды өтеп жүрмін», - деді Айқын Төлепберген НТК арнасынан шығатын «Ревью» бағдарламасына берген сұхбатында.
Әншінің екінші жұбайы Жұлдыз Өмірғали де жарының мейрімді, қамқор әке екенін айтады. «Үнемі балаларын уайымдап, солардың жағдайын жасап жүреді» дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін қарым-қатынастарын жасырып келген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали осыдан бірнеше ай бұрын балаларының туған күнінде бірге тұратындарын мәлімдеген.