$ 487.37  532.94  5.09

Қуыршақ театры көрермендерімен қауышты

Серке Қожамқұлов атындағы қазақ-сазды драма театрының «Қуыршақ» тобы өзінің 34 маусымын сәтті бастады. Балаларға шаттық сыйлаған ұжымға шығармашылық табыс тілеп қайттық.

Шынын айтқанда, бүгінде жарнамасы жер жарып тұрған дәрумендерден аяқ алып жүре алмайсың. Бірақ, соның бәрі шынымен де адам ағзасына пайдалы ма? Пайдасынан зияны көп пе? Оны шынтуайтына келгенде бәріміз біле бермейміз. Әсіресе, қәзіргі қоғамда фармакология өз жаңалықтарымен жұртты таң қалдырып, табан астынан жаңалық ашып, алдамшы нәрселерге жұртты тым құштар етіп қойды. Ол да, өмір ағымы шығар...

Шіркін қазақтың дастарханынан асқан дәрумен жоқ қой. Қуыршақ тобы өз маусымдарын Иван Федосенконың «Өжет дәрумендер» спектаклімен ашты. Спектакль дәрумендерге толы табиғи жеміс-жидектердің адам ағзасына тигізер мол пайдасы мен фасфут өнімдері, чипси, кириешки, Кока-кола сусындарының зиянды жағын насихаттады. Халқымызда «жүз естігенше – бір көр» дегендей бұл тағылымды спектакль балаларға өте ұнады. Қойылым барысында балалар да белсенді қатысып, балалық шат көңіл, үлкен әсермен тарқасты.

Ендеше адам ағзасына кері әсер ететін дәрумендерден бойымызды аулақ ұстап, таза табиғи өнімдерді пайдаланайық. Тәні саудың – жаны сау!

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары