Жақында екінші рет шаңырақ көтерген әнші Абай Бегей бала күнінде өзінен кіші қызға ғашық болғанын айтты.
Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Мектепте оқып жүргенде, мәселен 9-сынып оқысақ, 7-сынып оқитын қыздарға хат жаздық. Одан жауап күтіп жүретінбіз. Қыздан бір ай дегенде әрең жауап келеді. Онда да ойланам деп жазады. Ол тағы бір ай ойланады. Сондай бала махаббаттар болды», – дейді әнші.
Бұған дейін әнші өзінің үйлену тойына үлкен қызының келмегенін, қызы мен әке арасында реніш пайда болғанын айтқан еді.
Дереккөз: 365info.kz