Белгілі әнші Шаһизада ұлымен бірігіп Алматы қаласында кафетерий ашты. Осылайша ол 28 жасқа толған ұлына сыйлық жасаған.
«Питак кафеміздің ашылуына келген, біздің қуанышымызға ортақтасқан, шын көңілдерімен әдемі тілектерін айтып, бізбен бірге болған достарыма 1000 алғыс», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.
Шахизаданың қуанышына ортақтасқан жұлдыздар да оны құттықтап келіпті. Дәмхананың салтанатты ашылуында бой көрсеткендер қатарында Жеңіс Ысқақова, Бахыт Шадаева, Бақтияр Қожа және тележүргізуші Мұхит Сапарбаев та бар.
Желі қолданушылары Шаһизада мен ұлының бастамаасына ақ тілектердін жаудырды.