Семейлік әйел Қайрат Нұртастың пиджагын Olx.kz сайтына 550 мың теңгеге сатуға шығарып қойған.
Оған бұл киімді әншінің өзі сыйға тартыпты.
«Қайрат Нұртас қаламызға концерт берді. Оның кешіне отбасымызбен бардық. Сол кезде ол пиджагын бізге сыйлады», – дейді келіншек.
Автор бұндай қадамға баласының оқу қаржысын төлеу үшін барып отырғанын айтады.
Ал өнер иесінің PR-менеджері бұл киімнің шынында Қайрат Нұртастыкі ме жоқ па оны дөп басып айта алмады. Тек әншінің әр концертіне әр пиджагын шешіп лақтыратын әдеті барын еске түсірді.
Дереккөз: Sputniknews.kz