$ 439.4  473.54  4.76

Жезқазғандағы қуыршақ театры фестивальден оралды

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы Ақтөбеде өткен «Ассалаумағалейкум -V» халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінен оралды.

Шара Ақтөбе облыстық әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне Иран, Белорусь,Ресей, Удмуртия, Ингушетия, Башқұртстан, Татарстан, Қазақстаннан барлығы 16 қуыршақ театрлары қатысты.

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасы қазақ халқы ертегісінің желісі арқау болған Ү.Молдабергеннің «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысын алып барды. Спектакль фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары